
Ресейдің деволюция сұлбасын құру
Cuento en español, Geschichte auf deutsch, Histoire en français, Storia in italiano, Stāsts latviešu valodā, Lugu eesti keeles, Pasakojimas lietuvių kalba, Разказ на български, Historia po polsku, Оповідь українською, Qırımtatarca ikâye etüvler, Рассказ на русском, القصة بالعربية, 中文故事
Януш Бугайски әңгімесі
Суретті Марина Луцик
Ресей Федерациясының жікке бөлінуі Кеңестік блоктың ыдырауынан және 1990-шы жылдардың басында Кеңес Одағының қирауынан кейінгі империяның күйреуінің үшінші фазасына айналады. Бұл сондай-ақ «аласапыран заманды» – Мәскеу Русінің XVI ғасырдың соңында және XVII ғасырдың басында бастан кешкен, және Бірінші дүниежүзілік соғыста патшалық Ресейдің құлдырауы кезінде қайталанған саяси дағдарыс пен бейберекеттік кезеңінің белгісі болды. Алайда, XVII және XX ғасырларға қарағанда, қазіргі Ресейді континенттік империя ретінде қалпына келтіру үшін Мәскеуге әлеует пен геосаяси мүмкіндіктері жетіспей тұр.
Қалған мәскеу меншігінің мұрагері Ресей Федерациясы ұлттық сәйкестігі толық емес қауқарсыз мемлекет болып табылады. Ол ұлттық мемлекетке, азаматтық мемлекетке немесе тіпті тиімді империялық мемлекетке айналуға қабілетсіз болып шықты. Ресейдің көптеген әлсіз жақтарын факторлар жиынтығы, оған қоса көбінесе қазба отынға, өсу немесе жаһандық бәсеке қабілеттілік перспективалары мардымсыз азайып келе жатқан экономикасына негізделген экспорттық кірістерге тәуелділігі, сондай-ақ күшейіп келе жатқан аймақтық және этностық толқулар қиындата түсуде. 2022 жылғы ақпанда Ресейдің Украинаға толық масштабты басып кіруі Кремльдің мәлімдеген мақсаттарының сәтсіздікке ұшырауы салдарынан мемлекеттің жікке бөліну үдерісін үдетті және бұл айтарлықтай соғыс шығындары мен талқандаушы халықаралық экономикалық санкцияларға алып келді.
Ресейдің 1993 жылғы Конституциясы мемлекетті федерация деп белгілегенімен де, шын мәнінде – бұл ерікті келісім емес, әкімшілік жариялаудың негізінде интеграцияланған орталықтандырылған неоимпериялық құрылыс. Жасанды мемлекет саяси статус-квосы бара-бара тұрақтылығынан айрылып бара жатқан режим циклының соңына таяп келе жатыр. Кеңес Одағы құлдыраған заманнан бері бір уақытта бірнеше осынша шиеленіскен дағдарыстардың дамуы, оған қоса үкіметтің тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге қабілетсіздігі, Мәскеу мен федералдық округтардың арасындағы өршіп келе жатқан теңсіздік, мәскеу басшылығына сенімсіздіктің тереңдеуі, жаппай репрессиялардың шектеулі тиімділігі және жақындап келе жатқан соғыстағы жеңіліс немесе Украинадағы мерзімсіз дағдарысты жағдай орын алып көрмеген.
Қысымның күшеюі
Дәуірін ұзарту үшін Ресейге нағыз федерация ретінде қалыптасу қажет. Алайда алуан түрлі этностық және аймақтық мүдделердің армандарын қанағаттандыру үшін орталықсыздандыруды жүргізудің орнына ресей үкіметі жаппау шектеулермен айналысуда. Мәскеудің аймақтық губернаторларды бір жақты тағайындауына, оның жергілікті ресурстарды меншіктеп алуына, COVID-19 пандемиясына орай барабар әрекет етпеуіне және елдегі басқа да төтенше жағдайларға, сондай-ақ Украинаға қарсы соғыста, әсіресе орыс емес тұрғындардың арасында құрбан болған азаматтардың көбеюіне наразылық артуда. Режимнің қарсылықтардың алдын алуды немесе оларды басуды көздеп отырғанына қарамастан, бірнеше алшақ өңірлерде дәл осы уақытта орын алып жатқан дағдарыстар Мәскеудің репрессиялық аппаратын немесе оның ретсіздіктерді тоқтату үшін экономикалық көмек көрсетуге қабілеттілігін бұзуы мүмкін.
Кремль сайлауларды бұрмалауға қарсы қоғамдық наразылықтарға бұдан әрі кедергі жасауға мүмкіндігі қалмағандықтан сыбайласқан өктем үкіметтер тақтан түсірілген Украина мен Грузияны дүр сілкіндірген «түрлі-түсті революциялардың» кез келген қайталануынан қауіптенуде. 2020 жылдың жазындағы сайлау нәтижелерін сорақы бұрмалаудың себебінен болған Беларусьтегі жаппай наразылықтар ресейлік азаматтардың кең тараған бейнесін көрсететін енжар белоруссия жұртшылығы туралы жалпыға ортақ пікірді теріске шығарды. Беларусьтегі наразылықтар ақыр соңында басылғанымен,қоғамдық толқулардың түп себептері жойылған жоқ. Қазақстандағы 2022 жылдың қаңтарында орын алған наразылықтар мен үкіметтік ғимараттарға шабуылдар Мәскеу үшін қайнаған қоғамдық ызаның кенеттен жарылуы және тез таралуы мүмкін екендігі туралы тағы бір ескерту тәрізді болды. Алдамшы тұрақтылықты шүбәсіз деп санауға болмайды, және шаппалы механизм рөлін атқаратын бағалардың өсуі немесе сайлау нәтижелерін бұрмалау сияқты оқиға қоғамның бұрынғыдан ауқымды саяси өзгерістерді талап етуін тудырауы мүмкін.
Ресей Федерациясы көкейкесті экзистенциалдық қарама-қайшылыққа тап болды. Бұл Владимир Путиннің президенттік мерзімінің бұрмаланған сайлаудың арқасында конституцияға сай ұзартылатынына не ұзартылмайтынына қарамастан, аяқталу уақыты жақындаған сайын айқындай түседі.
*. Орталықтандыру және репрессиялар тұрақты экономикалық өсусіз қоғамдық қарсылықты күшейтіп, ретсіздіктерді тудырады, сол екі арада ырықтандыру мен орталықсыздандыру да мемлекеттің қирауына алып келеді. Саяси плюрализм, экономикалық реформалар және өңірлік автономиялар болмаса, федералдық құрылым бара-бара басқаруға келмей қалады. Алайда, тіпті демократиялық реформаларды жүргізген жағдайда да кейбір өңірлердің бөліну мүмкіндігін пайдаланып қалуына болар еді. Зорлықшыл шиеленістердің болу ықтималдығы жүйелі реформалар жүргізілген жағдайда азаюы мүмкін. Осы арада зорлықшыл шиеленістер перспективалары реформалар белгісіз мерзімге бұғатталса ғана айтарлықтай артады.
Мемлекет ішкі ретсіздіктерге қарай ығысқан сайын бұқараның бара-бара көп топтары қолданыстағы федералдық жүйені заңсыз деп қарастыратын болады. Содан кейін елді бөліктерге бөлінуге, оған қоса билік үшін элитаішілік күрестің күшеюіне, Кремль мен өңірлік үкіметтердің арасындағы шиеленістердің ушығуына, күштік құрылымдарда фракциялық күрестің пайда болуына және мемлекеттің бірнеше бөліктерінде орталық бақылаудың бұзылуына алып келетін бірқатар ішкі сценарийлер іске асырылуы мүмкін.
Көпұлтты федерацияда билік құрылымы бір көшбасшының тұлғасына шамадан тыс тәуелді болу және сабақтастықтың болжалды және заңды тәсілінің болмауы себебінен Кеңес Одағына қарағанда осалдау болып табылады. Одан басқа, Ресейде басшылықтың біршама бірқалыпты ауысуын қамтамасыз ете алатын Коммунистік партияның жаппай қамти алатын аппараты енді жоқ. Бәсекелі сайлау арқылы демократиялық көшу билік етуші басшылар үшін кедергі болып табылады, себебі бұл Ресейдің болашағына бұрынғыдан да көп белгісіздік алып келер еді. Шынында да, Путин өмірден озғаннан кейін демократиялық жүйенің пайда болуы 1990-шы жылдарға қарағанда қазір іске асуы қиын болып қалуы мүмкін. Шынайы жалпымемлекеттік демократиялық күткендері көп емес, институттары тиімсіз, баламалы саяси партиялар әлсіз, ал азаматтық қоғам басып тасталған. Жалпы мемлекеттік деңгейде ынтымақты саяси элита құру үшін уақыт қажет және мұндай үдерісті автократиялық, ұлтшыл және популистік күштер қиындатуы және бұзуы мүмкін.
Саяси құрылымның ішіндегі сызаттардың тереңдеуі, билік иерархиясының сын-тегеуріндерінің көбеюі, орталық бақылаудың әлсіреуі және саяси қайшылықтардың кеңеюі анағұрлым болуы мүмкін перспектива болып табылады. Ұлттық сәйкестік пен этностық келіспеушіліктер жікшілдікті толықтырып тұруы мүмкін, бірақ жікшілдік көңіл-күйлер сондай-ақ жекелеген өңірлер орталық үкіметке әртүрлі наразылықтарын білдіретін немесе бөлу экономикалық тұрғыдан тиімді деп санайтын бір ортақ этностың ішінде пайда бола алады. Мемлекет тұтастығының бастапқы сын-тегеуріндері кезеңдік және зорлықшыл емес болуы мүмкін, бірақ зорлықшыл сценарийлерді де елемей өтпеу керек. Бұл бір федералдық бірліктердің толық бөлінуіне және басқа федералдық бірліктердің жаңа федералдық немесе конфедеративтік құрылымдарға бірігуіне алып келуі мүмкін.
22 этностық республиканың кез келгенін бөлуге апарар қадамдар этностық орыстарының саны басым бірнеше өңірлердің арасында өзін-өзі анықтау талаптарының туындауына түрткі болуы ықтимал. Бұл орталықты біршама әлсіретіп, автократиялық мемлекеттің сақталып қалу мүмкіндігін азайтар еді. Бір айта кететіні, Кеңес Одағы құлдырай бастаған 1990-жылдардың басында, басым бөлігі этностық орыстардан құралған өңірлердің 40% -і автономияның кеңейтілуін талап етті, ал кейбірі этностық республикаларға ұқсас егемендікке бейім болды. Өңірлік белсенділіктің күшеюі Орталықтан қаржылық және басқа да ресурстарды алу үшін келіссөз жүргізудің тактикасына айналуы мүмкін. Алайда сепаратистік қозғалыстар көп жағдайда экономикалық орталықсыздандырудың талап етуден басталып, кейін орталық үкіметтің іс-қимылдарына және элита мен жұртшылықтың артып келе жатқан ұмтылыстарына жауап ретінде күшейеді.
Ретсіздіктерге арналған іске қосушы механизм
Мемлекеттің құлдырауының басты факторы соғыста жеңілу немесе Кремль мемлекет ішінде кеңінен айыпталатын ұзаққа созылған әскери тығырық болуы мүмкін еді. Қоғамдық келісім және Путиннің билік жүргізген заманындағы режимді қыспақтап шығару бара-бара агрессивті сыртқы саясатқа, аумақтық ревизионизмге, патриоттық милитаризмге және батысқа қарсы насихатқа көп негізделді. Украинадағы айтарлықтай адам шығынына алып келген едәуір сәтсіздік немесе тығырыққа тірелген жағдай Путиннің саясатына қарсы оппозицияны тудырады, оны ауыстыру мақсатында билік үшін күресуге итереді, өз беделін түсірген басшылыққа қарсы халық толқуларына түрткі болады және мемлекеттің қордаланған сәтсіздіктерінің бетін ашады. Патша империясы Бірінші дүниежүзілік соғыста империялық Германиямен соғыс кезінде қирады, ал Кеңестік империя Ауғанстандағы сәтсіздікпен аяқталған соғыстың нәтижесінде күйзеліске ұшырады. Кремльдің бұрынғы бас идеологы Владислав Сурков 2021 жылдың қарашасында жарияланған мақаласында Ресей сәтті империялық экспансияны бастамаса, мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатады деп мәлімдегенде рас айтқан болу керек.
Ресейлік көшбасшылар сондай-ақ кенеттен туындайтын қоғамдық ретсіздіктерден қауіптенеді. Оны бейбіт көше наразылықтарына орай шамадан тыс әрекет жасауы және ұйымдасқан оппозицияның барлық түрлерін үнемі жоюға әрекеттенуі дәлелдеп отыр. Шенеуніктер қоғамдық пікірді сұраудың қоғамдық көңіл-күйлердің сенімді барометрі болып табылмайтынын түсінеді. Олар, әдетте, елдің көптеген өңірлерінде сирек жүргізіледі, шынайы көңіл-күйлерді ашуды қаламаушылықты көрсетеді және дағдарыс ушыққан және режим анық әлсіреген кезінде күптеген бағыттарда құбылуы мүмкін. Одан басқа, сайлау нәтижелерін мемлекеттік субъектілер бұрмалайтындықтан жұртшылықтың саяси ықыластарын мемлекеттік шенеуніктер нақты бағалай алмайды және бұл «билік вертикалінің» ішінде қазіргі жүйенің өміршеңдігіне қатысты мазасыздықтың туындауына себепші болады. Халықтың басым бөлігінің арасында енжарлық, жалтару және тіпті сенімсіздік болып көрінетін құбылыс аз уақыттың ішінде биліктегілерге қатысты өшпенділік пен агрессияға алып келуі мүмкін.
Жікке бөлінудің таралуы көптеген факторлармен қоректендірілуі және оларға ірі оқиға немесе қайталанып жатқан дағдарыстар топтамасы арандатуы мүмкін. Бұл үдеп бара жатқан депрессия, тежеусіз инфляция, жалақы бойынша берешек, лайықсыз тұрғын үй жағдайлары, қоршаған ортаның жағдайының күрт нашарлауы, инфрақұрылымның бұзылуы, әлеуметтік қызметтердің азаюы және жұмыссыздықтың жылдам көбеюі сияқты қоғамдық наразылықтардың кең спектрін қамтитын елеулі экономикалық салдарға алып келе алады. Кремльдің экономикалық құлдыраулар – бар болғаны уақытша құбылыс дегенге сендіруі тым ұзаққа созылса және тереңдей түссе бара-бара құнын жоғалтады. Тіпті қарапайым үкіметті қолдайтын қарт халық топтары мен шағын қалалардың, ауылдардың және ауылды мекендердің тұрғындары бара-бара өздерін тағдыр тәлкегіне тасталған және Мәскеуге алданған болып сезіне бастайды. Жергілікті саяси қайраткерлер федералдық үкіметке экономикалық қанауға алындық деген кінә тағады және қоғамның әл-ауқатына зиян келтіретін мемлекеттік бюрократтардың арамтамақтығы мен озбырлығын айрықша баса айтатын болады. Наразылықтар кенеттен туындауы және бастапқыдан масштабы шағын болуы мүмкін болса да, олар сондай-ақ жоғары жылдамдықпен өршуі және көптеген компанияларды бір мәселе бойынша біріктіруі мүмкін.
Путиннің режимі соңғы екі онжылдықты азаматтарды қазіргі жүйеге қарсы тұра алатын балама жоқ дегенге сендірумен өткізді. Дегенмен де, наразылықтар мен экономикалық жағдайлардың арасындағы байланыстың қоғам байлар мен кедейлердің арасындағы теңсіздік бара-бара айқын бола беретін және шенеуніктердің шаруасыздығы мен сыбайлас жемқорлық өркендейтін жай «тоқырауды» емес, тұрақты құлдырауды бастан кешіріп жатса, жарылу қаупі бар. Революциялық сценарийді болдырмау үшін әкімшілік бірқатар шараларды, оған қоса негізгі халық топтарына шұғыл экономикалық жеңілдіктерді беруді немесе бір не бірнеше өңірлерде жаппай репрессия жүргізуді енгізе алады. Сонымен қатар қоғамдық толқуларды басу үшін шектеулі орталықсыздандыру бағдарламасын қабылдауға болады. Республикалық және аймақтық тәуелсіздік шектері жұмысқа қабілетті федерацияны құруға әрекет жасау кезінде тексеріледі және бірнеше аймақ орталық деңгейдегі тәртіпсіздік кезеңінде максималистік нұсқаларды іске асыру үшін мүмкіндікті көреді.
Мемлекеттің ең бейжай аймақтарын экономикалық ынталандырулардың көмегімен тыныштандыру әрекеттері бумеранг тәрізді қайтап келуі мүмкін. Ішінара экономикалық артықшылықтар басқа аймақтарда наразылық тудыруы және оларды Кремльдің саясатына жаппай оппозиция мемлекеттік қаржыландыруды арттырудың есебінен пайдалы болуы мүмкін екеніне сендіруі ықтимал. Жергілікті көшбасшыларға саяси жеңілдіктер және өкілеттіктерді әкімшілік табыстау губернаторлардың бұрынғыдан тәуелсіз әрекет етуіне және бұрынғыдан ауқымды автономияға қол жеткізуіне түрткі болады. Этностық республикалардың ресурстары мен өкілеттіктерін арттыру да Солтүстік Кавказдағы Мәскеудің әспеттісі болып табылады дееп саналатын республикалар сияқты қлттық республикаларға деген өшпенділікпен қозғалтылатын орыс этностық ұлтшылдықты қоздыруы мүмкін. Бұл не этностық республикаларды көбірек орталықтандыруға және таратуға үндеулерді күшейтеді, не бөлек орыс этноұлттық республика құру туралы талаптардың қойылуына ұрындырады.
Режимнің бүкіл ел бойынша немесе тіпті бірнеше тынышсыз аймақтарда жаппай репрессияларды жүргізу мүмкіндігі бір уақытта жеткіліксіз болып шығады. Бірнеше аймақтарда ереуілдер және жұмыскерлер төмен немесе төленбеген жалақыға, лайықсыз еңбек жағдайларына, бағалардың өсуіне және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне қарсы шығатын басқа да өндірістік наразылықтар түрлері бұрқ ете қалуы мүмкін. Өршіп келе жатқан ретсіздіктің артынан жаппай наразылықтар мен полициялық репрессиялар біресе күшейіп, біресе басылып отырары анық. Полицияның бейбіт манифестацияларға шабуыл жасауы радикалдандыруға және анағұрлым қатаң жауапты әрекеттерге алып келеді. Сондай-ақ наразылықтар әртүрлі қозғалыстардың, себептердің және өткізу орындарының арасын үйлестіру үшін мүмкіндік тудырады. Революциялық жағдай мемлекет бара-бара көбейіп бара жатқан халық саны өршіп бара жатқан кедейлік жағдайында іске аспай қалған диктаторлық режимде өмір сүруге келіспей жатқан кезде барлық қоғамдық толқуларды басу үшін қажетті репрессияларды қолдауға қабілетсіз болған жағдайда пайда болады.
Кремль сондай-ақ сепаратистік болуы мүмкін республиканы Ресей мен оның азаматтарының өмір сүруіне қауіп ретінде көрсете отырып, халықты этностық негіздегі кінәнің бәрін жүктеу салуға болатын біреуді іздеуге тартуға әрекет жасайды. Бұл премьер-министр Путин 1999 жылдың тамызында қайтарып алу үшін екінші соғысты бастаған кездегідей Шешенстанды жаман етіп көрсеткен жағдайды қайталайтын еді. Алайда этностық және діни алауыздықты қоздыру ұлттық және әлеуметтік бірлікті бұрынғыдан да қатты әлсіретеді және мусылман халқының басым бөлігін Ресей олардың экзистенциалдық қаупіне айналды дегенге сендіреді. Мәскеу жекелеген ұлттарды кінәлайтын нысанаға айналдыратын болса және белгілі бір этностық топтарды шеттететін болса, мемлекеттің амандығын сақтай алмайды. Мұндай саясат сондай-ақ Ресей халқының көбісін қантөгіске жол бермеу үшін сепаратистік құрылымдарға бөлініп шығуға мүмкіндік беру керек дегенде сендіре отырып, саяси жағынан тиімсіз болып шығуы мүмкін. Осылайша, «бөліп ал да, билік жаса» классикалық стратегиясы бөлінудің көбеюіне және билеудің азаюына алып келеді.
Билік үшін болашақ күрес
Федералдық құрылым құлдырауын бастар алдында Ресей ретсіздік пен басқарусыздықтың ұзаққа созылған шиыршығына, сондай-ақ элиталардың билік үшін күшейіп келе жатқан, оның барысында Кеңес Одағы заманының соңғы айларында байқалған мемлекеттік институттар бағыну жүйесінің бұзылуының куәсіне айналатын күресіне тап болады. Кейбір институттар мүлдем жұмыс істемей қалуы мүмкін, ал аймақтық және орталық элиталар азайып келе жатқан ресурстар үшін бәсекелестікті шиеленістіре түседі. Кремльдің президенттің мемлекеттік активтерді бақылауынан пайда алған элиталардың тұрақты адалдығына қатысты қауіптері іске асып жатыр. Олардың шынайы адалдығы олардың экономикалық пайдалары сарқылған сайын ыдырап кетеді және бұл аумақ үшін шайқастар, ұрлықтар, кісі өлтірулер және қауіпсіздік күштерін саяси және іскерлік бәсекелестерге қарсы пайдалану әрекеттері топтамасына алып келуі мүмкін.
Ресейдің саяси тұрақтылығы элитаның Путинді қоғамның үнсіз келісімі жеткілікті бола тұра қолдауға қатысты бәтуасына шоғырланған. Ол халық легитимділігіне немесе тұрақты институттарға байланысты емес. Путин қауіпсіздік қызметіндегі байланыстарына және өзінің бастапқы лениградтық жақын ортасының адалдығына сене отырып, бәсекелесіп жатқан саяси, экономикалық және күштік фракциялардың арасында тепе-теңдік орната алды. Билік үшін ішкі күрестің реформашы болсын, не басқа орталықтандырылған автократ болсын, нақты бір жеңімпаздың анықталуына алып келуі екіталай. Оның ұзақ, аяусыз және нәтижесіз болатыны анық. Путиннің биліктен шеттетілуі міндетті түрде билік үшін күресті тоқтатпайды немесе қоғамдық наразылықтарды баспайды. Керісінше, бұл жоғары лауазымды тұлғалардың арасында сенімнің аз болуы, ал қоғамның биліктегі элитаға деген сенімінің таусылуы себебінен саяси шайқас пен халық толқуларын күшейтеді.

Билік үшін күрес бақталасқан саяси қауымдардың немесе желілердің арасында бұрқ ете қалуы мүмкін. Осы «қауымдардың» ішінде ең мықтыларына мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және әскерилер (күштік құрылымға жататындар), мемлекеттік корпорациялар басшылары, ірі олигархтар (магнаттар), бейілді саяси партиялардың көшбасшылары, өнеркәсіптік лоббилер және аймақ басшылары жатады. Бұл қақтығыстар Путиннің айналасындағы бәтуа бұзыла бастай салысымен немесе егер мемлекет ұзаққа созылған экономикалық құлдырауға және тапшы болып бара жатқан ресурстар үшін үдемелі бәсекелестікке тап болса, сыртқы сытылып шығуы мүмкін. Саяси қарсыластардың арасында Путиннің тағы үшін күрес «билік вертикалін» әлсіретеді және ішкі қауіпсіздік күштерінің ішіндегі топтасуларды нығайтады. Кейбір өңірлердегі полицейлердің бейтараптығын сақтап қалатыны немесе тіпті наразылықтар кеңейе салысымен көпшілікті ереуілдеріне қосылып кететіні анық. Парадокс болса да айта кету керек, тәртіп пен болжамдықты қамтамасыз еткені үшін Путинді қолдаған халықтың басым бөлігі ол бара-бара әлсіз және көнгіш болып көрінген сайын режимнен бас тартады. Ел ішінде белгісіздік пен ретсіздік тараған кезде, ал Мәскеуде сенімге лайын мирасқор пайда болмаған соң жұртшылық топтары өз қалалары мен өңірлерінде тәртіпке ұқсас бір режимді қалпына келтіру туралы өтінішпен жергілікті және аймақтық көшбасшыларға жүгінеді.
Элитаның Кремльге қатысты ниеттестігі ортақ идеологияға емес, нақты экономикалық және саяси артықшылықтарға негізделген. Сыйбайластыққа арналған ресурстар сарқылып, халықаралық оқшаулау кірістерін азайтса, ал әлеуметтік толқулар тарап кетсе, элита элементтері режимге деген сенімін жоғалтады. Ұлттық экономикалық «майшелпек» азайған сайын белгілі бір топтардың пайдасына мемлекеттік қамқоршылдық пирамидасы біртіндеп әлсірей бастайды. Элита ішіндегі шиеленіс жеке тұлғалар әлеуметтік толқуларды өз қарсыластарына қарсы жіберуге ұмтылатын ресурстардың азаюы себебінен шынға айналуы мүмкін. Биліктегі «Біртұтас Ресей» жікке бөлініп кетуі ықтимал, себебі көптеген аймақтық партия мүшелері оның құрамына идеологиялық қатыстылығының немесе саяси ниеттестігінің себебінен емес, конъюктуралық түсініктердің салдарынан кіріп алған, және одан билік үшін күрес орталық үкіметті әлсіреткен кезде шығып кететіні анық. Жүйелік оппозициялық партиялар, оған қоса коммунистер мен либерал-демократтар, егер олардың артықшылықтары азайып кетсе, Кремльге сын айтуда тәуелсіз позицияға тұруы мүмкін. Партия ұйымдарының аймақтық бөлімшелері сондай-ақ ұлттық органдарға қарағанда көнгіш болмай қалар еді және олар бөлініп кетуі мүмкін немесе Мәскеуді қолдаушыларға қарсы шығады. Бұл фракцияшылдыққа, ішкі билік етуші топтардың арасында тазартуларға және ашық қақтығыстарға алып келеді.
Сәтсіз өтіп жатқан соғыс пен экономиканың құлдырауы өршіп тұрған кезде жоғары тұрған шенеуніктер мен қауіпсіздік органдары басшыларының коалициясы «сарай төңкерісін» ұйымдастыруы және қазіргі режимді Ресейдің проблемаларына кінәлі деп жариялауы мүмкін. Дегенмен де, «билік вертикалінің» мұндай ротациясының экономикалық даму үшін пайдасы шамалы және ол әлеуметтік өзгерістерді күшейтеді және тіпті азаматтық қақтығыстар мен ереуілдерді қоздырады. Мәскеудегі саяси фракциялар 1990-шы жылдары Кеңес Одағы қираған кездегідей аймақтық элиталардың арасында одақтастарын іздеуі мүмкін. Горбачев та, Ельцин де өз қарсыластарының позицияларын әлсірету және өзінің қолдау базасын күшейту үшін аймақтық тәуелсіздікті қолдаған. Республикалық және аймақтық көшбасшыларға айла-шарғы жасауға қайта басталған әрекеттер мемлекеттің құлдырауының тағы бір жаршысына айналады.
Билік үшін күрес күшейген сайын ресей әскери қолбасшылығы бара-бара Кремльден алыстай бастайды. Бұл қаруланған күштер қоғамдық толқуларды басу үшін жұмылдырған жағдайда әсіресе анық байқалар еді. Мемлекеттің күйреуі ұшығып тұрған кезде әскерилер сондай-ақ субординацияның бұзылуына, этностық және діни белгі бойынша жікке бөлінуге, әртүрлі этностық топтардың арасында қақтығыстардың пайда болуына және орыс еместердің қызметінен өз федералдық округтарынан тыс эвакуациялануына тап болуы мүмкін. Украинаға қарсы соғыстағы әскери шығындар орыс еместердің, негізінен, әскерилердің кедей халық топтарына мансапта өсу перспективаларын ұсынғандықтан шамадан тыс көрсетілгенін білдіріп отыр. Сондай-ақ Мәскеу әскери қылмыстар үшін кінәні этностық орыстардың геноцид үшін жауапкершіліктен босату үшін «бөліп ал да, билік жаса» тәсілін ұстанып, ресей қарулы күштеріндегі ұлттық азшылықтарға аударып жіберуге тырысты. Дегенмен де, басқа ұлттарды шекараның аржағындағы соғыста зеңбірек еті ретінде пайдалану Мәскеуге қарсы ашу-ызаны күшейтеді, ал Украинадағы әскери жеңілістер ресей қарулы күштерін қақтығыстар мен бүліктерге бейімшіл етеді. Федералдық дағдарыс тереңдеген және қарулы күштердегі құлдырау нығайған сайын ереуілшілер мен қалыптасып жатқан протомемлекеттер қарудың алуан түрлерін меңгере береді.
Өңірлік жанданулар
Ретсіздіктер тараған сайын өңірлік жандану бүкіл елде айқындала береді. Ресейдің «федералдық вертикалі» осал, себебі ол әлі де шектеулі, немесе халқы көп, не болмаса, әсіресе энергетика саласындағы негізгі өнеркәсіп салалары мен ресурстары бар негізгі өңірлер қатарында билік жасаушы элиталардың ниеттестігін қамтамасыз етуге тәуелді болады. Федералдық құрылымның тұрақтылығына жасалатын қысым, әсіресе орталық бақылау элиталардың күйреуінен және федерация субъектілеріне субсидияларды айтарлықтай төмендететін бюджеттің азаюынан әлсіреген кезде бара-бара күшейе береді. Губернаторлар өңірлік тәуелсіздікті таңдай отырып, өз аумақтарында халықтың легитимділігіне қол жеткізуі мүмкін. Кейбір губернаторлар сондай-ақ Мәскеудің республикалардағы титулдық тілдерге қарсы кампаниясы және өңірлерді біріктіру бойынша жоспарлары олардың беделін бұрынғыдан да төмен түсіріп жібереді және тіпті республикалық институттардың таратылуына және олардың Мәскеуге тікелей бағынуының күшеюіне алып келуі мүмкін деген қорытындыға келеді. Оқиғалардың бұлай өрбуі губернаторлар мен жергілікті заңнамалық органдардың арасындағы тәуелсіздік пен өзін өзі танытуды қолдауды арттырады.
Этностық республикалар мен орыс халқы басым өңірлерде талаптардың қойылуына наразылықтың қордалануы, соның ішінде кедейлік деңгейінің күрт өсуі, федералдық қаржы субсидияларының азаюы, жергілікті инфрақұрылымның нашарлауы, қалалар арасындағы бағасы қымбат және талаптарға сай келмейтін көлік қатынастары, федералдық және өңірлік биліктердің арасындағы жер пайдалану туралы даулар, қоршаған ортаның қорғалмауы, медициналық қызметтер сапасының нашарлауы, маңызды тарихи жерлерді елемеу, зиянды әлеуметтік саясат, полицияның қатыгездігі, шенеуніктердің тоқтаусыз сыбайластығы және қоғамның шешім қабылдауды орталық үдерісінен жалпы шеттетілуі себепші болады. Сонымен бірге Мәскеу билігі таратылған жағдайда оған материалдық игіліктерді күту, этноұлттық мәртебені және халықаралық тануды арттыру көтеру оң ықпалын тигізуі мүмкін.
Өңірлік өзін-өзі танытуда айырмашылықтар болуы мүмкін, себебі өңірлер ресурстарына немесе түзілімдеріне бай, бас қаладан географиялық тұрғыда алыстау орналасқан этносы біркелкі республикалардың көшбасшылары өз талаптарын кұшейтеді және көршілес шетелдік мемлекеттермен байланыстарын нығайтады. Өңірлік белсенділер федеративтік мемлекеттің құқықтық негіздеріне және оның субъектілерінің ұстанымдарына қарсы шығады. Кейбірі федерализмді толық қолдануға қол жеткізу үшін әрекет етуі немесе Мәскеумен байланыстарды әлсірету үшін жаңа құрылымдық шараларды, оған қоса конфедерацияны немесе достастықты ұсынуы мүмкін еді. Экономикалық әлеуеті мықты және экпорттық қоржыны қомақты дәулеті молдау өңірлер орталық үкіметке аударылатын ақша қаражаттарын түбегейлі азайтуды талап етеді немесе төлемдерді тоқтата тұруы мүмкін. Олар Батыс Сібірдің мұнай өндіруші өңірлері немесе пайдалы қазбаларға бай Саха республикасы болуы ықтимал.
Мәскеуге бағдарланған вертикаль қирай бастағанда билік өңірлерге ауысады. Ірі қоғамдық толқулар туындаған жағдайда өңірлердің губернаторлары өздеріне тиімсіз жағдайда қалады. Кремль олардан жергілікті наразылықтарды басуды талап етеді, сол екі арада азаматтар олардан өз өңірлік міндеттерін орындауын қолқалайды. Өңірлік биліктердің жергілікті наразылықтарды Мәскеуден ресурстарды алуға арналған ықпал ету тетігі ретінде пайдалануға әрекеттенуі Орталық өзіне бағынуға мүмкіндік бере алмаса, ал наразылықтар жергілікті шенеуніктердің бақылауынан тыс шығып кетсе, бұдан былай нәтиже бермеуі мүмкін. Губернаторлар жазадан құтылып кетеді немесе Мәскеуді қатаң жазалау реакциясы үшін айыптайды. Қалай болғанда да, олар Орталыққа қарсы жергілікті қоғамдық пікірді нығайтады. Бұл үдеріс өңірдегі терең тамыр жайған, көбі түзелмейтін сыбайласқан бюрократиясы бар отаршыл қанаушы деп санайтын ресей астанасының наразылығының бетін ашады. Адамдар өздерін біртұтас ресей мемлекетінің азаматтары емес, белгілі бір өңірдің тұрғындары деп көрсетуін жиілетеді.
Кейбір республикалық және өңірлік көшбасшылар федералдық құрылымдағы кемсітушілік туралы мәлімдейді және шынайы автономияны талап етеді. 1990-шы жылдардың басындағы құлдырауының қарсаңындағы Федеративті Югославия тәрізді бірнеше дәулеті молдау өңірлер өз наразылығын кедей өңірлерді субсидиялау арқылы білдіреді және олар не федерациядан бөлінген, не Солтүстік Кавказ сияқты жұтаңдау республикалардан бөлінген жағдайда басқарылуы оңай және өркен жайған өңір болуы мүмкін еді деп мәлімдейді. 1990-шы жылдары Кеңестік коммунистік империяның қирауына себепші болған сепаратистік қозғалыстар одақтас республикалардың қолында көбірек ресурстарды ұстап қалуға бағытталған ішінара немесе бастапқыдан элиталық жобалар болған. Тәуелсіздік үшін республикалық қозғалыстардың көптеген көшбасшылары кеңестік истеблишменттен шығып кетті.
Өңірлік элита Мәскеуде ниеттестікті сақтап қалуға шығындар пайдасынан асып кетті деген қорытындыға келеді және одан артықтау өңірлік тәуелсіздікті таңдайды. Жергілікті элита өзінің саяси легитимділігін қамтамасыз етуде және қажетті ресурстарды ұсынуда Кремльге сенуін доғарған кезде ол өзінің билік базасын шынайы республикалық немесе өңірлік көшбасшылар ретінде ілгері жылжытады. Әртүрлі республикалардағы, өңірлердегі және облыстардағы қоғамдық қозғалыстар мен жергілікті билеушілер билік иерархиясы қирай салысымен Мәскеуге қоятын өз талаптарын синхрондауы мүмкін және олар өзара қолдау үшін өңіраралық байланыстарды қалыптастыра алады. Кейбір федерация субъектілерінің орталық үкіметтің араласуынсыз көбірек егемендік алудағы жеңісі басқа республикалар мен өңірлерді толығырақ автономияға қол жеткізуге түрткі болатын тізбекті реакция байқалады. Мәскеудің әдетте жүргізетін этностық топтардың арасында шиеленістерді арандатуға және оппозицияны бағдарсыздандыруға бағытталған күйрету саясаты этностық республикалар көшбасшылары әртүрлі ұлттық топтар өкілдерімен бірігуге ұмтылатын және басқа түзілімдерге егемендікке қол жеткізуге көмектесетін жерде нәтижесіз болып шығады.
Республикалық көшбасшылар сондай-ақ Мәскеу оларды орынсыз қанап жатыр деген пікірді ұстанып, өз аумақтарындағы табиғи ресурстар мен экономикалық активтерді бақылауды өз қолына беруді талап етеді. Тіпті Тюмень облысындағы Ханты-Мансийск автономиялық округы – Югра сияқты кейбір этностық аумақтар Ресейдің мұнай мен табиғи газдан алатын кірістерінің басым бөлігін қамтамасыз ететін өңірлерде табиғи ресурстарды жеке-дара иеленуге талаптануы мүмкін. Федерация әлсіреген сайын өңірлік үкіметтер әртүрлі экономикалық жеңілдіктерге, оған қоса экпорттық қызмет жүргізуге құқықтарға, салықтардың азайтылуына және жергілікті өнімдер үшін арнайы жеңілдіктерге, сондай-ақ қазіргі уақытта федералдық деңгейде бақылауға алынған мұнай мен газды экспорттайтын құбыр жолдарына тікелей қол жеткізуге талаптанады.
Ресейде Кеңес Одағы құлдыраған кезде туындаған тәуелсіздік үшін көптеген қозғалыстар қайта жанданады. Бірқатар жағдайларда титулдық этностық топтардың өкілдері өз республикаларында бұрынғыдан басым рөл атқару құқығына талаптанады. Көптеген этностық топтар байырғы тұрғындар мәртебесін алуға және жақында тұрған этностық орыс немесе басқа қоныстанушыларға қарағанда өз туған аумақтарында ұзақ тұруға таласуы мүмкін. Этностық белсенділер сондай-ақ Мәскеуде басым болып отырған барлық республикалар Патшалық империяның, Кеңес Одағының немесе Ресей Федерациясының құрамына өз еркімен кірген деген түсінікке күмән келтіреді. Этностық элита орыстардың осы республикалардан тыс жерде анағұрлым үлкен аумақты иеленіп отырғанына қарамастан, республиканың саны аз халықтары үшін олардың жалғыз отаны болып табыламыз деп сендіре отырып, қоғамның қолдауын іздейді. Мұндай мәлімдемелер титулдық емес топтардың өкілдеріне, әсіресе этностық орыстарға олардың республикалардан кетуге мәжбүрлеу мақсатымен қысым жасалуына алып келуі мүмкін.
Мемлекеттің кейбір бөліктерінде этносаралық және дінаралық даулардың және тіпті қиян-кескі қақтығыстардың болатынын күтуге болады. Экономикалық құлдырау және саяси белгісіздік өршіп тұрған кезде кейбірі жұртшылықты жұмылдыру үшін кінәнің бәрін жүктей салуға болатын біреулерді іздейтін бірқатар этноұлтшыл қозғалыстар пайда болады.
Бірнеше титулдық емес этностық топтардың өкілдері республикалық элитаның өз ұлттарын басқа этностық топтардың есебінен ілгері жылжытып жатқанына және азшылықтарды ассимиляциялаумен айналысып жатқанына шағымданады. Мұндай пайымдаулар Солтүстік Кавказдағы түйісіп жатқан тарихи, аумақтық және ресурстық талаптарда аса айқын болуы мүмкін және олар кейбір республикаларды бөліп шығаруға да, күйретуге де ұмтылысты күшейтуі мүмкін.
Кремль нашарлар бара жатқан экономиканың наразылығын әлсірету үшін мемлекет ішіндегі орыс этноұлтшылдықты ілгері бастыруды ұмытпайды, себебі бұл мемлекеттің бөліктерге бөлініп кетуіне себеп болады. Ксенофобияның, нәсілшілдіктің, исламофобияның және келімсектерге қарсы көңіл-күйлердің өршуі Мәскеу сөндіре алмайтын білтені тұтандырып жібере алады. Сауалнамалар үнемі елде Орталық Азия мен Солтүстік Кавказдан келген жұмысшыларға қатысты келімсектерге қарсы көңіл-күйлер әлдендіріп отырған этноцентризмдік және ксенофобиялық көңіл-күйлердің кеңінен тарағанын көрсетіп отыр. Алайда мұндай көңіл-күйлерді мемлекеттік субъектілердің пайдалануы және орыс этноұлтшылдықтың өсуі басқа ұлттардың арасында ресейге қарсы көңіл-күйлердің туындауына түрткі болады.
2010 жылғы санақтың деректері бойынша Ресей халқы 142,9 миллион адамды құраған. Шамамен бестен бір бөлігі немесе 30 миллионға жуық адам орыс емес ұлттардың еншісінде және бұл үлес тұрақты түрде өсуде. Этностық орыстардың демографиялық құлдырауы мемлекеттің әлеуметтік, саяси және аумақтық бірлігі үшін қиындық туғызады және автономия үшін қозғалысты, бөлінуді және тәуелсіздікті ынталандырады. 1989 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішіндегі санақ деректері бойынша 21 республиканың 14-інде (Қырымның оккупацияланған украиндық аумағын қоспағанда) этностық орыс халқының саны титулдық ұлтқа пропорционалды түрде тапжылмай азайған. 13 республикада этностық орыстар халықтың жалпы санының үштен бір бөлігінен азын құрайды. Одан басқа, Сібірдегі, Жайықтағы, Тынық мұхит өңіріндегі және басқа жерлердегі өңірлік сәйкестіктер де нығайып, бұрынғы британдық отарларда орын алғандай, жалпы тегі мен тіліне қарамастан мемлекеттілікке үндеулерді ынталандырады.
Жікке бөлінудің сценарийлері
Мемлекеттің бастапқы жікке бөлінуі шектеулі жарылудан құралуы мүмкін. Экономикалық дағдарыс пен саяси ретсіздік өршіп тұрғанда Мәскеумен татуласыға мүмкіндігі аз жерлерде бір немесе бірнеше федералдық құрылым бөлініп кете алады. Бұл сценарийде
Кремль басқа республикалар мен өңірлерге таралуы мүмкін жаппай зорлық-зомбылықты болдырмау үшін осындай нәтижеге келіседі. Шешенстан осындай бөлінуге бірінші үміткер болып табылады, себебі жеке мемлекеттің негіздері қалыптасып қойған, ал тәуелсіздікке бастапқыда 1990-шы жылдары қол жеткізілген. Басқа республикалар толық бөлінуге бармай-ақ өзінің тәуелсіздігін жариялай алады немесе олар әсіресе Солтүстік Кавказда немесе Орталық Волга бойында Шешенстаннның үлгісін қайталауға әрекет жасауы мүмкін. Бұл РКФСР құрамындағы барлық автономиялық республикалардың бөліну туралы шешім қабылдамаса да, өз егемендігін жариялаған 1990 жылғы жағдайды еске түсіреді.
Басым бөлігі этностық орыс халқынан құралатын кейбір өңірлер сондай-ақ автономиялық республикалар мәртебесін талап етуі мүмкін. Бұл Сібір мен Тынық мұхит өңірінің кейбір бөліктеріндегі егемендік пен өзін-өзі басқаруға көбейіп келе жатқан үндеулер жағдайында асимметриялық федерацияға қарсы шығып жатқан өлкелер мен облыстарға қатысты. Режимнің өзі орталықта билік үшін шиеленіскен күрестің нәтижесінде қирай бастай салысымен бұрынғыдан да ауқымды фрагменттелу орын алады. Оны Путиннің еңбекке қабілеттілігінен айрылуы, оны өлтіру, қызметінен шеттету немесе кенеттен табиғи жолмен қайтыс болуы тудыруы мүмкін. Мұншалықты қатыгез емес сценарийде реформашыл немесе квазидемократиялық басшылық президенттік орынға орналасады және көңілі қалған жұртшылықты тыныштандыру үшін тіпті саяси оппозицияның кейбір мүшелерінен құралады. Алайда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін сондай-ақ саяси құрылымды сақтап қалуға және не Путинді билік басында қалдыруға, не оны сол сияқты өктемшіл адамға ауыстыруға ұмтылатын қатаң желі қолдаушылары ұйымдастыра алады. Мұндай сценарий 1991 жылдың тамызындағы Кеңес Одағының қирауына алып келген қатаң желіні кеңестік қолдаушылардың билікті сәтсіз басып алу әрекетіне ұқсас болар еді. Ресейлік мемлекетші-империалистер жасаған төңкеріс бірнеше этноұлттық республикаларда, сондай-ақ Мәскеу мен Санкт-Петербургта кейбір өңірлік биліктер анық нәтижеге дейін күте тұруды шешуі мүмкін болса да, қарсылыққа тап болады.
Федеративті мемлекет Ресейдегі элитаішілік шайқастардың құрбанына айналады. Алайда әкімшілік жікке бөлінулер бірден бір мемлекетті қозғай алмайды. Кейбір федералдық бірліктер бөлінуді, ал басқалары – ауқымды автономия мен конфедерацияны талап етуі мүмкін. Белгілі бір шекті кезеңге келгенде, мемлекеттік бүтін күйде сақтап қалу үшін Кремль зорлықпен орталықтандыру және жаппай жазалау туралы шешім қабылдауы мүмкін және бұл өздігінен федерацияның бірнеше бөліктерінде зорлықшыл реакцияларды тудырады. Егер пассивті қарсыласу режимді құлата алмаса, онда тіршілікке қабілетті жолдардыдң бірі қалалық соғыс іс-қимылдары арқылы болсын, не ең наразы өңірлердегі қарулы партизандың қозғалыстар арқылы болсын, қарулы қарсыласу болады. Оппозицияны жасырынуға зорықтыра отырып, режим мемлекеттік билікті бұрынғыдан да көбірек әлсірету үшін саботажды, жарылыстарды және кісі өлтіруді қолданатын бірнеше топтарды радикалдандырады. Кремль «ресейге қарсы сепаратизм» жолына түсті және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қауіп төндірді деп мәлімдей отырып, жұртшылықты тынышсыз республикаға ірі әскери араласу арқылы жұмылдыруға әрекеттенуі мүмкін.
Алайда Қоғамдық пікір жаңа әскери текетіреске немқұрайлы қарауы ықтимал және азаматтар Украинадағы жаппай әскер шығындарынан кейін ұзаққа созылған ішкі соғысты болдырмау үшін бірнеше республиканың бөлінуін қалайды.
Мемлекеттің кейбір бөліктерінде орталық биліктің күйреуі және өңірлік билік вакуумы жергілікті қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің, қарулы жасақтардың немесе қылмыстық топтардың өңірлік үкіметтер мен жергілікті экономиканы бақылауды басып алуына алып келеді. Балама ретінде өңірлік биліктер ресей әскерлеріншығаруды талап ету мүмкін, ал кейбір республикалар мен өңірлерде губернаторлар 1990-шы жылдардың басындағы бұрынғы одақтас республикалар мен Молдованың, Грузияның және Әзірбайжанның сепаратистік анклавтарында қарулы күштердің құрылуына ұқсас, жас мемлекеттерді қорғау үшін өз әскери ьөлімшелері мен қауіпсіздік қызметі бөлімшелерін құрады.
Ұзақ сілкіністер барысында этностық және өңірлік сепаратизм бүкіл ел бойынша өршіп жатқандай, орыс этноұлтшылдық та, мемлекеттік империализм де жақтаушылардың жандануының және жұмылдырылуының куәларына айналады. Орыс ұлтшылдары мен империалистері орталық үкіметке, сондай-ақ бірнеше өңірлік әкімшіліктерге қарсы шығуы мүмкін. Кейбір ұлтшыл көшбасшылар мемлекеттің құлдырауын болдырмау үшін режимді жақтаушылар топтарын біріктіреді, немесе олар үкіметті мемлекеттің тұтастығын сақтай алатын және қарсыластарды жоя алатын айқындау империалистік немесе этноұлтшыл режимге ауыстыруға ұмтылады. Ұлтшылдар әртүрлі республикалардағы орыс этностық топтарды қорғауды, тәуелсіздік үшін өңірлік қозғалыстарға қарсы шығуды және мемлекеттің күйреуін болдырмауды сылтау ете отырып, жасақтар топтарын құра алады. Шиеленісті екі жақтан да жауынгерлер қолдануы мүмкін мұсылмандық және православты халықтың арасындағы діни айырмашылықтар күшейте түседі.
Ұлттық мемлекеттердің пайда болуы
Мемлекетті құлатуды күшейту сценарийінде Мәскеудің көтерілісті басу әрекеттері бүкіл Ресейде наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштерінің арасында ауқымды қарсыластықты тудырады, және шиеленістер көптеген өңірлік астаналарға тарайды. Қауіпсіздік қызметтері және әскерилер қатты шоғырлану салдарынан көптеген саяси көтерілістерді тежей алмайды. 1990-шы жылдар Ресейдің орталық үкіметі әлсіреген және билік үшін күрес күшейген жағдайда көптеген республикалар мен өңірлердің белгілі бір тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін егемендікке және тіпті тәуелсіздікке ұмтылатынын көрсетті. Федералдық орталықтағы саяси дәрменсіздік бірқатар республикалар мен өңірлерді тәуелсіздігін жариялауға және жария референдумдарды ұйымдастыруға алып келеді. Татарстан және Башқұртстан сияқты дәулеттірек және экономикалық дамыған республикалардағы өзін өзі анықтау бағытындағы қозғалыс көршілес республикаларда ұқсас бастамаларды ынталандырады. Олар өздерінің болашақ мәртебесіне, оған қоса егемендігіне, конфедерациясына немесе толық тәуелсіздігіне қатысты бірқатар талаптарын қоя алады. Мұндай пайымдаулар бүкіл елде домино әсерін тудырады және басқа республикалар мен өңірлерді солардың жетістігін қайталауға ынталандырады.
Бірқатар халықтар Ресейді империялық басып алуға дейінгі тәуелсіздік кезеңдерін бөліп шығара отырып, мемлекеттіліктің тарихи үлгілерді қорғайды. Оларға татарлар, башқұрттар, карелдер, удмурттар, мокшалар, эрзя, мариліктер, черкестер, балқарлар, шешендер, ингуштар, қалмақтар, хакастар, алтайлықтар, буряттар, тувалықтар және сахалықтар жатады. Қиыр Солтүстіктің, Сібірдің және Тынық мұхит өңірінің бірқатар басқа халықтарындағы белсенділер аумақтар мен ресурстарды, оған қоса мұнайды, табиғи газды, алтынды, уранды және басқа да пайдалы қазбаларды ауқымды бақылауға алатын өз автономиялық өңірлерін құруды талап етуі мүмкін. Бірқатар байырғы халықтар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және БҰҰ Байырғы халықтар құқықтары туралы 2017 жылғы Декларациясыга сәйкес өзін өзі таныту құқығына талаптана алады. Олар өздерінің дәстүрлі аумақтары мен ресурстарына, сондай-ақ әкімшілік өзін-өзі танытуға заңды құқықтарын растайды. Олар 1960 жылғы отаршыл мемлекеттер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының Декларациясына сәйкес мемлекеттілікті бекітіп, әрі қарай жылжуы мүмкін. Тіпті орыс халқы көбірек өлкелер мен облыстардағы халықтар өзін өзі таныту және тәуелсіз болу үшін негіз ретінде ресейдің басып алуына және отаршылдығына дейінгі байырғы халықтар мәртебесіне талаптана алады.

Федерация өңірлік желілер бойынша да, этнореспубликалық шекаралар бойынша да құлдырауы мүмкін.
Орыс этноұлтшылдары орыстар КСРО мен Ресей Федерациясында кемсітушілікке ұшырады және өз бірыңғай ұлттық республикасына немесе орыс республикалары федерациясына мұқтаж деп пайымдайды. Табиғи ресурстарға бай және өзіндік ерекшелігі айқын білінетін өңірлердің халқы инклюзивті көпэтностық қағидаттардың негізінде тәуелсіздікке қол жеткізе алады. Этностық орыстары басым кейбір өңірлерде бұрын мемлекеттілік нышандары құрылған болатын және мұндай бастамалар қайта жандануы мүмкін. Айқын мысал ретінде 1993 жылғы дәурені ұзаққа созылмаған, алты – Свердловск, Пермь, Челябинск, Тюмень, Қорған және Орынбор облыстан құралған Жайық Республикасын келтіруге болады. Орыс халқы басым басқа өңірлер федерация, оған қоса екеуі де байлығы молдау шетелдік көршілерімен экономикалық бірігу перспективалары бар төртінші Балтық Республикасы ретіндегі Калининград пен жаңа тынықмұхиттық мемлекет ретіндегі Приморье, күйреген кезде әдепкі қалып бойынша тәуелсіз бола алады.
Ресейде өңірлік сәйкестікке негізделген бірнеше басқа уақытша мемлекеттік құрылым болған және кейбір жергілікті белсенділер оларды жандандыруға тырысуы немесе оларды заңды мемлекеттілікті бекіту үшін тарихи үлгі ретіндегі оқиғалар ретінде пайдалануы мүмкін. Оларға аумағы бірнеше өлкелер мен облыстарды қамтитын Сібір Республикасы және Қиыр Шығыс Республикасы жатады. Патшалықтан кейінгі азаматтық соғыстардың барысында ерекше сәйкестілікке талаптанған және ресейлік отаршыл үстемдікке қарсы тәуелсіздік үшін американдық соғысқа ұқсастыруға ұмтылған сібір өңіршілері 1918 жылдың қаңтарында автономиялық Сібірдің уақытша үкіметін құрды, бірақ бұл құрылымды большевиктер таратып жіберді. Дегенмен де, этностық орыстардың басым бөлігі егемендікті немесе өздерінің байырғы тамыры бар және тілі ортақ болғанына қарамастан Мәскеумен байланысы аз өңірлерді бөліп шығаруды қолдауы мүмкін. Сібір Республикасы өз тәуелсіздігін жария еткен алғашқы субъектілердің біріне айнала алады. Қиыр Шығыстағы саны көп украина халқы да ауқымды өңірлік автономиялылыққа және Украинамен бұрынғыдан да тығыз байланыстарды орнатуға ұмтылуы мүмкін. Украиндықтардың және басқа халықтардың, оған қоса оңтүстік Сібірге және тынық мұхит аумақтарына депортацияланған татарлар мен чуваштардың ұрпақтары Кеңес Одағы күйреген соң мәдени және тілдік жаңару үдерісінен өтті.
Этноұлттық қағидаттар бойынша бөлу сондай-ақ кқпшілік пен азшылықтар топтарының арасында немесе біртұтас федерация шеңберінде қалуға ұмтылатын орыс этностық халқымен ішкі дауларды тудырады. Кейбір республикалық көшбасшылар немесе Ресейден бөлінуді қолдайтын қозғалыстар аумақтық жаулап алулар және этностық туыстығы бар көрші өңірлермен бірігу үшін кампания жүргізуі мүмкін. Жікке бөліну сызықтары кеңейген сайын Путин немесе оның мирасқоры Кремльді бақылауды сақтап қалу, орыс халқы басым өңірлердің бөлінуін болдырмау және ресей мемлекетінің өзегін сақтап қалу әрекетін жасап көр үшін орыс этноұлтшылдығына жүгіне алады.
Зорлықтың көмешімен этностық келіспеушіліктерді әдейі қоздыру 1990-шы жылдардағы күйреп жатқан одақтық Югославиядағы оқиғаларға ұқсас болады. «Югославиялық сценарийдің» алуан түрлі болғанын естен шығармау керек: бар болғаны Словениядағы шектеулі әскери қақтығыстар, Македониядағы шағын партизандық соғыс, Сериядағы НАТО бомбалауының қысқа мерзімді кампаниясы және Черногориядағы қарусыз қақтығыстар. Бұған қарағанда Хорватия, Босния мен Герцеговина және Косоводағы соғыстар ондаған мың адамның өмірін жалмады және миллиондаған адамды өз шаңырақтарын тастап кетуге мәжбүрледі. Ресей Федерациясының әртүрлі бөліктері
Орталық пен кейбір республикалардың және өңірлердің арасындағы ашық соғыстары бар осы сценарийлерді қайталауы мүмкін. Мәскеу этностық жағынан біркелкі өңірлерді тынышсыз республикалардан бөліп алу үшін этностық орыстарды жұмылдыра отырып, Сербияны үлгі етіп ала алады. Ол Югославиядағы Милошевичке ұқсап қаржыландыруы, қаруландыруы және жасақтар топтары мен еріктілер қозғалыстарын жіберуі, орыс емес халықты қыруы және қууы мүмкін. Орыс еместерге қатысты зорлықты қолдайтын әртүрлі этноұлтшыл революциялық қозғалыстар жалдануы ықтимал және олардың кейбірінде этностық азшылықтар мен саясии оппоненттерге зорлықшыл шабуыл жасау тәжірибесі де бар. Украиналық Донбастан және басқа да қақтығыс аймақтарынан оралып жатқан жауынгерлер ішкі аумақтық және этностық шайқастар алаңдарына құштарлануы мүмкін.
Мәскеумен ашық шиеленіс өршіп тұрған кезде федерацияның кейбір бұрынғы субъектілерінде орыссыздандыру үдерісі күшейеді. Жаңа үкіметтер туындап жатқан сәйкестікті және тәуелсіз мемлекеттілікті қорғауға, сондай-ақ өзін «орыс әлемінен» оқшаулауға тырысады. Кейбір жағдайларда бұл этностық орыстарды маңызды саяси лауазымдардан шеттетуді, орыстардың меншігіндегі кәсіпорындарды тәркілеуді және тіпті әлеуетті бесінші колонна ретінде қаралатын орыс халқын қуып шығаруды құрауы мүмкін. «Этностық тазарту» бойынша операцияларды орталық үкімет және кейбір республикалық режимдер этностық біркелкілікті қамтамасыз ету немесе аумақты басып алу және ірілеу мемлекеттерді құру мақсатымен жүргізе алады.
Ресей патша империясының құлдырауы кезіндегі және билікті большевиктердің тартып алуы кезіндегі 1917 және 1926 жылдар аралығындағы кезеңге ұқсас бірқатар азаматтық соғыстарды бастан кешіруі мүмкін.
Осы қақтығыстардың кейбірі Ресей империясынан тәуелсіз мемлекеттерді қалпына келтіру немесе құру үшін ұлт-азаттық соғыстар түрінде болған. Мұндай күреске орталық үкіметке немесе Мәскеу мүдделеріне шынайы берілген өңірлік үкіметтерге қарсы партизандық соғыстар жатқызылуы мүмкін. Кремль оның қауіпсіздік күштерінің бүкіл ел ішіндегі бір уақытты орын алып жатқан азаттық соғыстарды реттейтіндей өте бытыраңқы орналасқанын және тек Мәскеуді, Санкт-Петербургты және Ресейдің еуропалық бһлігінің негізгі облыстарын ғана бақылау мүмкіндігін сақтап қалуы ықтимал екенін түсінеді. Кіші Ресей демократияға және өңірлік ынтымақтастыққа құштар болмауы мүмкін. Ол агрессивті күшке айналады. Дегенмен де, оның әскери әлеуеті айтарлықтай азаяды, оның геосаяси ұмтылыстары қысқарады, және ол империялық экспансияға емес, мемлекеттің аман қалуын қамтамасыз етуге шоғырланады. Шиеленістер эскалациясы өршіп тұрған кезде идеологиялары немесе өңірлік бағдарламалары әртүрлі бәсекелес фракциялар жаңа ресейлік мемлекеттің заңды ұлттық үкіметтерінің рөлін атқаруға талаптана алады. Одан кейін мемлекет бәсекелес саяси күштер даулы аумақтар, экономикалық ресурстар және әлсіреп қалған Ресейдегі саяси билік үшін күресетін ливиялық, ирактық немесе сириялық сценарийге тап болуы мүмкін.
Жікке бөлінуден кейін
Бытыраңқы Ресей Федерациясынан пайда болатын болашақ мемлекеттердің халықаралық тануға тез ие болуы екіталай. Кейбірі ішкі этностық және аумақтық шиеленістері шешілмеген «тыйым салынған мемлекеттерге» айналуы немесе тіпті көршілерімен ішкі дауларға тартылған болып шығуы мүмкін. Жікке бөліну үдерісі қайталанған қарулы қақтығыстар, босқындардың жылыстауы, аумақтық соғыстардың, энергетика мен саудадағы іркілістердің немесе әртүрлі соғыспен басып кірулердің нәтижесінде болсын, бірқатар тұрақсыздандырушы сценарийлерге алып келеді. Алайда бұл саяси тұрақтылық дәрежесі айқын білінетін, экономикалық базасы жеткілікті, географиялық орналасуы тиімді және халықаралық ынтымақтастыққа мүдделі үкіметтері бар бірнеше тіршілік қабілетті мемлекеттердің құрылуына алып келуі мүмкін.
Мемлекеттілік ұлттық сәйкестікті сақтап қалудың және дамытудың маңызды шарты болып табылады. Протомемлекеттер және Ресей Федерациясынан пайда болатын басқа құрылымдар өзінің ішкі саяси құрылысы және әкімшілік құрылуы бойынша ортақ болмайды. Олардың кейбірі республикалық немесе өңірлік институттар тәуелсіздікке ие болған сайын билік үшін бәсекелесетін қайта құрылған саяси партиялары бар пайда болып келе жатқан демократиялық мемлекеттерге айналуы мүмкін. Олар егемендіктің сындарлы шараларын іздейді және Балтияның үшін мемлекетіне (Эстония, Латвия, Литва) және басқа кеңестік заманнан кейінгі мемлекеттерге көмек пен ұсынымдарды алу үшін жүгінуі ықтимал.
Кейбір бұрынғы федералдық бірліктерге жаңа автократтар пайда болуы, ал кейбірі сыбайласқан жергілікті көшбасшылар заңнамалық, құқық қорғау және сот жүйелерін ішкі жазалаулармен және БАҚ цензурасымен біріктіріп бақылау арқылы жеке дара аумақтарды құратын шағын Ресейге ұқсас болуы мүмкін. Олар сондай-ақ өздерін жаңа мемлекеттің тұтастығын мызғымас қорғаушылар ретінде көрсету үшін ішкі және сыртқы қауіптердің масштабтарын ойдан шығара алады немесе асыра көрсете алады. Ұзаққа созылып кеткен репрессиялардың себебінен көптеген өңірлерде жергілікті автократтарға қарсы шыға алуы мүмкін болған шектеулі ұйымдасқан демократиялық оппозиция болады.
Солтүстік Кавказдың кейбір бөліктерінде өзін өзі басқарудың дәстүрлі этноқауымдық жүйесі нығайып, Мәскеу тағайындайтын өңірлік әкімшіліктердің орнын басады. Кейбір бұрынғы автономиялық республикаларда жергілікті көшбасшылар байырғы емес халықтың құқықтарын шектейтін этнократиялық мемлекеттерді құра алады. Мемлекеттің құрамынан шығу сондай-ақ, егер тұрақтылық пен өкілдік билік ету қамтамасыз етіле алмаса, жас мемлекеттердің ішіндегі бәсекелес қамқорлық ететін құрылымдарға негізделген билік үшін элитаішілік күреске алып келуі мүмкін. Тәуелсіздікке апарар қадамдар бірқатар этностары аралас аумақтарда өңірлік сәйкестігі пен саясиэтностық қатар өмір сүруінің беріктігін сынақтан өткізеді. Кейбір республикалар этностық кемсітушілікке, тазартуларға, қууға немесе титулдық емес ұлттардың өз еркімен эмиграциялануына тап болуы мүмкін, себебі жаңа көшбасшылар анағұрлым этностық біркелкі құрылымдарды құруға ұмтылады. Көптеген пайда болып жатқан мемлекеттер сондай-ақ Мәскеуді федералдық қаражаттандыру тоқтатылатын экономикалық проблемаларға тап болады. Оған қоса, егер саяси белгісіздік, әлеуметтік толқулар, ресми органдардағы сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстылық сақталып қалса, іскерлік операциялар мен шетелдік инвестициялар тежелетін болады.

Дегенмен де, кейбір ресейден кейінгі, әсіресе демократиялық немесе өркендеп келе жатқан шетелдік мемлекеттермен шекаралас мемлекеттер іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған анағұрлым демократиялық бағдарланған және халықаралық инвестициялар үшін ашық мемлекеттерге айнала алар еді. Олардың жаңа мемлекетте негізгі сайлаушылардың мүдделілігін қамтамасыз ету және оның тәуелсіздігін қолдау үшін ауқымды этностық өкілдікке қол жеткізуіне мүмкіндігі бар еді. Алайда әрбір дамып келе жатқан мемлекет орасан зор қалпына келтіру және экономикалық тұрақтандыру міндетіне тап болады және айтарлықтау халықаралық дипломатиялық және материалдық қолдауға мұқтаж болады. Көмек біршама тұрақты және болжалды саяси, әлеуметтік және құқықтық ортаны қамтамасыз етуге қабілетті немесе шетелдік инвестицияларды тарта алатын ресурстары мен өнеркәсіп салалары бар жас мемлекеттерге көрсетілуі әбден мүмкін.
Кейбір ресейден кейінгі мемлекеттердің арасында қарама-қайшылықтар ядролық қаруды, әскери техниканы, энергетикалық инфрақұрылымды немесе аса маңызды ресурстарды басқару шиеленістің негізгі көзіне айналуы мүмкін қарулы қақтығыстарға ұласуы мүмкін. Алайда жікке бөлінген ресей мемлекеті кремль насихаттаушылары пайымдағандай, барлық бағыттарда шиеленістер мен ретсіздікті тудырады деп ойлау қателік болар еді. Дамып келе жатқан мемлекеттер дерлік әр мемлекеттің көршілеріне қандай да бір наразылықтары бар аумақтар мен азшылықтар үшін үздіксіз қақтығыстарды болдырмау үшін бұрынғы әкімшілік шекараларын сақтап қалып, отаршылдықтан кейінгі Африканың үлгісін қайталауы мүмкін. Мұндай шешімді протомемлекеттердің демократия жолымен не автократия жолымен дамитын-дамымайтынына қарамастан жаңа үкіметтер қабылдай алады.
Мәскеу билігін тарату сондай-ақ жалпыөңірлік және жалпыреспубликалық бірлестіктердің пайда болуына себепші болуы мүмкін. Мұндай бастамалар федералдық немесе конфедеративтік мемлекеттік құрылымдарға ұласуы ықтимал. Осындай үдерістің жаршысы 1990-шы жылдары Ресейдің басым бөлігін қамтитын, Ельцин басып тастаған сегіз өңіраралық бірлестік дами бастаған кезде байқалды. Ең елеулісі Новосибирскіде құрылған және батыс және шығыс Сібірінің арасындағы экономикалық қызметті үйлестіру мақсатымен 19 өңірден құралатын Сібір келісімі болды. Мәскеу біртұтасы сібір бірлестігімен келісімдерді жасау бойынша кез келген қадамдарға қарсы шығып тұрды, себебі ауқымды жалпыөңірлік сәйкестіктің нығаюынан және сібір сепаратизмін көтермелеуден қауіптенді. 1993 жылы жария етілген Жайық Республикасы да бұрынғы облыстардың, өлкелердің және ұлттық республикалардың арасындағы жаңа конфедеративтік келісімнің жасалуы үшін шабыт көзіне айналуы мүмкін еді.
Орта Волга бойында Идель-Жайық мемлекеті бас көтеруі мүмкін. Ол 1918 жылы Татарстанның астанасы Қазанда жарияланған және татарлардың, башқұрттардың, чуваштардың және басқа халықтардың бірігетіні және олардың Ресей империясынан босатылғаны туралы жар салған дәурені ұзаққа созылмаған тәуелсіз республика болатын.
Оған қазіргі Татарстан, Башқұртстан және Орынбор облысы кіргізілді, ал кейбір белсенділер тіпті Каспий теңізі жағалауының бір бөлігіне талаптанды. Орта Волга бойы одағының «Еркін Идель-Жайық» қозғалысы ілгері шығарып жүрген қазіргі бейнесіне
Татарстан, Башқұртстан, Чувашия, Марий Эл, Удмуртия және Мордовия республикалары кіргізілер еді. Соңғысы оны құрайтын екі халықтарды танудың құрметіне Эрзяно-Мокшанск деп өзгертілді. Жаңа Идель-Жайық мемлекетін әр республикасы өз ішкі және сыртқы саясатын жүргізетін конфедерация түрінде құру ойластырылды. Кейбір белсенділер жаңа мемлекеттің Қазақстанмен сыртқы шекарасы болу үшін Коми Республикасынан, Пермь өлкесінен және Орынбор облысынан құралатын бұрынғыдан ірі конфедерация құруды ұсынды.
Республикааралық бастамаларға сондай-ақ 1918 және 1922 жылдардың аралығында болған тәуелсіз Солтүстік Кавказ Тау Республикасын қайта жандандыру жатқызылуы мүмкін. Бұл конфедеративтік республика жеті құрамдас мемлекеттерден – Дағыстаннан, Шешенстаннан, Осетиядан, Черкесиядан, Абхазиядан және Ноғай даласынан құралды. Кеңес Одағы құлдырап жатқан кезде Тау Республикасын қайта құруға әрекет жасалды және 1989 жылдың тамызында кейін Кавказдың Тау халықтары конфедерациясына өзгертілген Солтүстік Кавказ Тау халықтарының ассамблеясы шақырылды. 1990 жылдың қазан айында ол 1918 жылғы Тау Республикасының мирасқор мемлекеті болып жарияланды және Ресей Федерациясынан бөліп шығарылды. 1991 жылдың қарашасында Солтүстік Кавказдың он төрт халқының өкілдері ресми түрде Конфедерация құрған шартқа қол қойды. Ол исламдық діни қағидаттардың негізінде емес, көпэтностық ынтымақтастықтың және ресейлік империализм мен отаршылдыққа қарсыласудың негізінде құрылды.
Солтүстік Сібірде Саха республикасы Ресей Федерациясынан бөлініп шыққан, өз арктикалық жағалауы, порттары және орасан мол энергетикалық және минералдық ресурстары бар аса ірі мемлекетке айналады. Шебер саяси жетекшілікті жүргізген жағдайда ол Солтүстік теңіз жолын кеңейтуден пайда алар еді және Азия-Тынық мұхит аймағымен, сондай-ақ Оңтүстік Сібірмен және Қытаймен өзінің сауда әлеуетін айтарлықтай дамытар еді. Солтүстік Мұзды мұхиттың бойындағы басқа солтүстік аймақтар Саханың, оған қоса Коми Республикасының, Неміс автономиялық округының және Ямал-Ненец автономиялық округының әлемдік аренадағы үлгісін қайталаса болады.
Республикалық тәуелсіздікпен қатар орыс халқы басым, кейбірі федерацияларға немесе жаңа мемлекеттік құрылымдарды құру үшін конфедерацияларға бірігетін егеменді өңірлер пайда болуы мүмкін. Бұл саяси құрамы мен орталық үкіметтің айрықша құзыреттері бәсекелестікті және тіпті өңірлік көшбасшылар мен Мәскеудегі және Санкт-Петербургтегі әкімшіліктердің арасында шиеленісті тудыруы мүмкін болса да, этностық орыс ұлттық мемлекетінің пайда болуын білдірер еді. Ресей Федерациясының жікке бөлінуі сондай-ақ барлық көрші мемлекеттерге әсер етеді. Кейбір мемлекеттер шиеленістің таралуы үшін осал болады немесе Мәскеудің өз ішкі сілкіністерінен басқаға көңіл аударуға бағытталған арандатуларға ұшырайды. Басқа мемлекеттер қауіпсіздікке қатысты қауіптерін әлсіретіп, ықпалын кеңейтіп және тіпті Мәскеу империясының әртүрлі итерацияларының нәтижесінде жоғалтып алған аумақтарды қайтарып алып Ресейдің әлсіздігі мен жікке бөлінуінен пайда алуы мүмкін.
Януш Бугайскидің басқа әңгімелері
Марина Луцик суреттеген басқа әңгімелер
Януш Бугайски – Вашингтондағы Колумбия округындағы Джеймстан қорының аға ғылыми қызметкері. Оның «Несостоявшееся государство: планирование раскола России» («Құрылмай қалған мемлекет: Ресейді жікке бөлуді жоспарлау») атты жаңа кітабын «Jamestown» баспасы 2022 жылғы шілдеде жарыққа шығарады. Украин тіліне аударылған нұсқасын 2022 жылғы күзде ArcUA сайтынан көруге болады. Бугайски 21 кітаптың және трансатланттық қауіпсіздік, Еуропа және Ресей туралы көптеген баяндамалардың авторы болып табылады.